11:17, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Бішкекте Қазақстан-қырғызстан сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті
АНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Бішкекте дүйсенбі күні ЕҚЫҰ аясында екіжақты қатынастар мен өзара іс-қимылдарды нығайту мәселелері бойынша сыртқы істер ведомстволары арасындағы Қазақстан-Қырғызстан консультациялары болып өтті,
деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында екіжақты Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер және аймақтық бірігу перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ету барысы туралы хабардар етті. Қырғызстандық дипломаттар болса, ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ету кезінде жан-жақты көмек көрсететіндіктерін атап өтті.
Консультация аясында қазақстандық делегацияның Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Бақтыгүл Қаламбекамен кездесуі ұйымдастырылды.