20:06, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бішкекте Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкек қаласында Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыртқы байланыстар қызметінен.
Атап өту керек, ынтымақтастықтың жаңа форматы білім алу, біліктілікті арттыруда екі елдің мемлекеттік қызметшілері үшін кең мүмкіндіктерді ашады және екі оқу орнының да дипломын алуды қарастырады.