Бішкекте қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің VI отырысының бірінші кезеңі аяқталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның мемлекеттік «Ала-Арча» резиденциясында қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесі алтыншы отырысының бірінші кезеңі аяқталды.
None
None

Отырыстың регламентіне сәйкес жиын Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен шағын құрамда жұмыс кездесуі басталды.

Шағын құрамдағы кездесу екі сағатқа созылды. Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, хаттама жобасына бірқатар түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәмілеге келді.

Екі елдің вице-премьер-министрлері басшылығымен үкіметаралық делегациялар келіссөзінің кеңейтілген құрамдағы екінші кезеңі отырыс хаттамасына толықтырулар енгізілген соң жалғастырылады.

Келіссөздер аяқталған соң Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов Астанаға ұшып кетті. Қазақстандық әріптесін «Манас» халықаралық әуежайына Қырғыз үкіметінің басшысы С.Жээнбеков шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар