12:24, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бішкекте Қырғызстанның Премьер-Министрі И.Чудинов Қазақстан Елшісі Б.Оспановты қабылдады
АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат –Жаңа жыл қарсаңында, желтоқсанның 27-сінде Бішкекте Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудиновтың Қазақстанның қайтадан тағайындалған елшісі Бақыт Оспановпен кездесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық дипломатты жаңадан тағайындалуымен құттықтаған қырғыз үкіметінің басшысы онымен жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектегі бағыттарын талқылады. И.Чудинов сондай-ақ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарды нығайту ісіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерін қырғыз тарапының жоғары бағалап отырғанын жеткізді.