Бішкекте лифт шығарыла бастады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қырғызстанда алғашқы лифт құрастыратын Stocker зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Kabar агенттігі.

Бішкекте лифт шығарыла бастады

«Лифті құрамдас бөліктері Германия, Чехия, Түркия, Ресей сынды ірі өндіруші елдердің жетекші кәсіпорындарынан жеткізіеді», - деп хабарлайды Infox бизнес-клубы.

«Зауыт лифт кабиналарын 2016 жылдың қараша айынан бастап шығара бастады, ал 2017 жылдың наурызынан бастап шахта есіктері, монтаждау түйіндерін, шасси, жүктеме мен басқа да бөлшектерін шығару ісін қолға алды. 2017 жылдың мамыр айынан бастап лифтіні басқару панелін Mikrolift  компаниясының лицензиясы және технологиясымен шығару қолға алынды», - дейді Kabar агенттігі.