Бішкекте ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі өтеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанға ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысына және қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін бір күндік сапармен бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов келді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Манас» халықаралық әуежайында қазақстандық делегация мүшелерін Қырғыз Республикасы бірінші вице-Премьер-Министрі Мухамметкалый Абулгазиев пен Қырғызстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті және Төтенше Елшісі Айымдос Бозжігітов қарсы алды.

Хаттамалық отырыстардан, қорытынды құжаттарға қол қоюдан  тыс қазақстандық үкімет басшысы  К. Мәсімовтің жұмыс сапарының бағдарламасы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек  Атамбаевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездеседі.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесіне қатысу үшін ҚР Премьер-министрі К. Мәсімовтің басқаруымен келген қазақстандық делегация -  ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ҰЭМ Т. Жақсылықов, ҰЭМ вице-министрі Б. Жақсалиев, ҚР ІІМ вице-министрі Е. Тұрғымбаев, ҚР ИДМ министрінің ірінші орынбасары Альберт Рау, ҚР ҚМ  вице-министрі Ардақ Теңгебаев, АШМ вице-министрі Е. Көшербаев, ҚР МСМ вице-министрі М. Әзілханов, «KEGOK» АҚ басқармасының төрағасы Б. Қажиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам  Сатқалиев, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Әнуар Омарходжаев, ТМД экономикалық кеңес жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы ҚР өкілетті өкілі Олег Песков, Беларусь Республикасындағы ҚР елшісі Е. Бөлегенов, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Рауан Тілеулин, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев, «ҚазТрансГаз» заң департаментінің жетекші заңгері А. Жарменов, «ҚазТрансГаз» АҚ  директорының трансформация және даму  жөніндегі орынбасары Е. Темірханов.

Соңғы жаңалықтар