Бішкекте тұтқындалған саясаткерді қолдап митингке шыққан 30 адам ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Қырғызстанның Жоғарғы соты ғимаратының маңында тұтқындалған ел парламентінің бұрынғы спикері Ахматбек Келдібековті қолдау митингісі өтті.
None
None

Акцияға қатысушылар бұлтартпау шараларын өзгертуді талап етіп, саясаткерді саяси қудалағаны үшін билікті айыптады.

Бішкектің Бірінші май аудандық ІІБ қызметкерлері санкцияланбаған митингке қатысқан 30-ға жуық адамды ұстады. Оларға шешімді сот шығаратын болады. Еске сала кетейік, «Ата Жұрт» оппозициялық фракциясының депутаты Ахматбек Келдібеков 2013 жылғы қарашадан бастап мемлекеттік ҰҚК тергеу оқшаулағышында қамауда жатыр. Ол сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтары үшін айыпталған. Прокуратура деректері бойынша, А.Келдібеков мемлекетке сомасы 40 млн. сом (шамамен 120 млн. теңге) көлемінде зиян келтірген.

Соңғы жаңалықтар