Бішкекте ҰҚШҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлағандай, «дөңгелек үстелге» Қырғызстанның және ҰҚШҰ басқа мүше елдерінің саясаткерлері мен сарапшылары, сонымен қатар ҰҚШҰ Сараптамалық Қауымдастығы құрамына кірген ақпараттық-сараптамалық құрылымдардың басшылары қатысады. Басқосуда ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа сөз сөйлейді.
Аталмыш шараның маңызды міндеті Орталық Азиядағы жағдайды талдау және бағалау, Ауғанстаннан ҚЫХК әскерін шығару контексіндегі қатерлерді белгілеу, оларға әрекет жасаудың ықтимал тәжірибелік шаралары туралы ұсынымдарды талқылау болып табылады.
«Дөңгелек үстел» аяқталған соң, Қырғыз-Ресей (Славян) университетінде (ҚРСУ) профессорлық-мұғалімдік құрам мен студенттер алдында ҰҚШҰ Бас хатшысы баяндама жасайды деп күтілуде.