00:26, 21 Қаңтар 2025 | GMT +5
Биткоин бағасы алғаш рет 109 000 доллардан асты
АСТАНА. KAZINFORM – Биткоиннің бағасы $109 000-нан асып, тарихтағы жаңа рекордтық деңгейге жетті. Мұны Binance биржасының деректері растайды, деп жазады Report.

Биткоинның бағасы алғаш рет 109 мың доллардан асты. Оның ең жоғарғы құны 109 241 долларға жетті. Binance биржасының мәлімдеуінше өсу көп ұзамай баяулап, биткои 108 096,98 (+2,84%) доллар деңгейінде саудалана бастаған.
Айта кетейік, бұған дейін биткоин тағы да құн рекордын жаңартып, 106 мың доллар шегінен асып түскені туралы жазған едік.