Биыл 2,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің жанындағы қолжетімді баспана мен ТКШ-ны дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға мониторинг жөніндегі сараптама тобының кезекті отырысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл 2,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген немесе өткен жылдың кезеңіне қарағанда 121 пайызды құрап отыр.
Н. Тихонюктің сөзіне қарағанда, еліміздің кейбір өңірлерінде, оның ішінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында былтырға қарағанда пайдалануға тапсырылған баспана көлемі шамалы төмендеген көрінеді.
«Алайда, жартыжылдық қорытындысы бойынша олар бұл көрсеткіштерді тиісті деңгейге шығарады деп ойлаймыз. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай жоғарылады», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында қолжетімді баспана, ТКШ-ны жаңғырту, сондай-ақ «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру барысы қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша партияның аймақтық құрылымдарының, бағдарламалар іске асырылып жатқан нысандардағы партиялық бақылау бекеттерінің қызметін жандандыру тұрғысында, ал уәкілетті органдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар мен кемшіліктерді жойып, халықтың баспаналық жағдайын және коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған аталған бағдарламаларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасалды.