Биыл 2400 қызылордалық баспаналы болады (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылордада 2400 пәтер пайдалануға беріледі. Өткен жылы облыс бойынша 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Яғни, биыл қоныс тойын тойлаушылар саны былтырмен салыстырғанда 8 есе көп болмақ. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Аймақ басшысы «Ипподром» мөлтек ауданында «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «Арай» мөлтек ауданында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы жүргізілуін тапсырды. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Ал «Арай» мөлтек ауданындағы 60 пәтер үш үй және 50 пәтерлі екі үйдің іргетасы наурыз айында қаланды. Бұл баспаналар жоспар бойынша қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, облыс әкімі С.Бейбарыс және Ғ.Мұратбаев көшелеріндегі Сырдария өзенінің үстінен өтетін көпірлерді байланыстарытын айналмалы жолдың жобасымен танысты. 4,5 шақырымды құрайтын жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайын. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады. Төрт жолақты жолдың ені - 9 метр. Бұған қоса, жаяу жүргіншілерге арналған жол болады.

Қала аумағының өсуіне байланысты «Ақмешіт» мөлтек ауданында «Мүсірәлі» атындағы мешіт салынуда. Имандылық үйін «Абзал и К» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізуде. Мешіттің құрылысы күзге дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар