Биыл 26 орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне қатысты кешенді бағалау жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биыл 26 орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне қатысты толық ауқымдағы кешенді бағалау жұмыстары жүзеге асады. Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.
None
None

«Әкімшілік реформа және мемлекеттік активтерді басқару мәселесі бойынша бірқатар шаралар қарастырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың қызметіне функциональдық шолулар жасалады. 26 орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне қатысты толық ауқымдағы кешенді бағалау жұмыстары жүзеге асады. Дәл осындай баға беру шаралары 192 жергілікті атқарушы органдарға да жасалады. Бұндай кешенді шаралардың нәтижесінде олардың қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты ұсынымдар әзірленеді», - деді Ж. Айтжанова.

Министрдің айтуынша, былтырғы жылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізудің әдістемелік негізі қалыптасып, 3 мемлекеттік органға пилоттық бағалау жүргізілген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Әкімшілік реформа аясында 700 атаудан тұратын мемлекеттік қызмет тізімі әзірленіп, мемлекеттік қызметтің 157 стандарты келісілген.

Соңғы жаңалықтар