Биыл 32 жас маман кадр резервіне қабылданады
«Жастар кадрлық резерві» - мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес саласы және қоғамдық-саяси қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыратын жоба.
Мақсаты: басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, даярлау және оқыту, алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген кадрлық резерв даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Жастар кадрлық резервіне ену үшін www.rezerv.kz ресми сайтында тіркеліп, сауалнама толтыруы керек. Байқау іріктеуінен өткен қатысушыларға мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ-тың жетекші өкілдерімен кездесулер өткізілді. Алты жыл ішінде «Жастар кадрлық резерві» жобасына қастысуға 10 000 астам адам өтініш білдірді. 372 адам ашық іріктеу, тестілеу, оқу модульдері, кәсіби біліктіліктеріне баға беру мен әртүрлі ұйымдарда тағылымдамалардан өтті.