Биыл 325 ұйым, ал 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылатын болады - Сүлейменов

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауда Үкіметке Кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтермен бірлесіп жекешелендіру процесін жандандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кестелер қайта бекітіліп, әрбір нысанды сату жөніндегі жол карталары әзірленген.
«Нәтижесінде 2017 жылы 325 ұйым, ал 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылатын болады. 2019-2020 жылдары еліміздің «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ, сияқты 8 ірі активін IPO/SPO-ға шығару жоспарлануда», - деді Сүлейменов.
Оның сөзіне қарағанда, экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда ТОП-64-тің 22 активін, оның ішінде республикалық меншіктегі 8 компания мен «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 14 компаниясын, сондай-ақ қордың бәсекелес ортаға беруге жататын 215 активінің 157-сін сату тәсілі бойынша шешімдер қабылданды.
«Одан әрі Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша жұмыс қайта бекітілген нысандарды сату кестесіне сәйкес жалғасатын болады», - деді ол.