Биыл 34 әскери қалашық абаттандырылатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында әскери қалашықтарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылғы жоспарға еліміздің әр өңірінің 34 нысанында орташа және күрделі жөндеуді жүзеге асыру енгізілген, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

Қазіргі уақытта сегіз әскери қалашықта, оның ішінде 44803, 30217 және 32363 әскери бөлімдерінің базасында асфальт-бетонды жабынды күрделі жөндеу басталды, тағы да 26 әскери қалашықта жолдарды орташа жөндеу, сондай-ақ 10 нысанда қоршау құрылысын орнату жүргізілуде.

Сонымен қатар, әскери қалашықтардан тыс тұратын әскери қызметшілердің тұрғын үйлерін жөндеу жалғасуда. Бүгінгі күні Ақмол кентінде жалпы ауданы 3 390 шаршы метр 42 пәтерлі үй тапсырылуға дайын, ал Аягөз қаласында жалпы ауданы 5 790 шаршы метр 90 пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмысы жалғасуда.

Күрделі жөндеу аясында мұнда терезелер мен есіктерді, жабынды, инженерлік желілерді ауыстыру және қасбетті жөндеу көзделген. Күрделі жөндеу қазақстандық әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында дайын баспана салу және сатып алумен қатар әскери қызметшілер тұрып жатқан пәтерлерді жөндеу жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар