Биыл 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Оның 225,5 мыңы немесе 34,5 пайызы – Ұлттық жобалар аясында; 203,9 мыңы немесе 31 пайызы – Мемлекет басшының «10 мың адамға 100 жұмыс орны» тапсырмасының аясында құрылған жұмыс орындар. Ал 224,3 мыңы немесе 34,3 пайызы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары. Жұмысқа орналасқан осы азаматтардың 67 пайызы қазіргі таңда 10 пайыздық зейнетақы аударымдарын тұрақты аударып жатыр немесе өздерінің жұмыс істеп жатқандарын растап мәлімет берді», - деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар