19:20, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Биыл Астанада елiмiздiң тұңғыш брондалған әскери көлiктерi шығарыла бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейiн Қазақстанда брондалған әскери көлiктер шығарыла бастайды. Бұл туралы бүгiн «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов мәлiм еттi.
Компания басшысының атап өткенiндей, көлiктер Қазақстанда жасалады және елiмiздiң қарулы күштерiне арналады.
«Құрылыс (көлік шығаратын зауыттың - авт.) басталып кеттi, жыл соңына дейiн жоба жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, жақын күндерi қарулы күштерде аталмыш көлiктердi сынақтан өткiзу жұмыстары атқарылмақ.
«Бұл жоба аясында бiз азаматтық мақсаттағы көлiктердi де шығаруды көздеп отырмыз. Мүмкiн олар джиптер немесе өрт сөндiру көлiктерi болуы ықтимал. Ол мәселе қарастырылуда. Бұл жобаға қатысты шетелдiк компания бiзге барлық құжаттарды тапсырады. Брондалған көлiктер қазақстандық бренд болады деген сөз», - дедi Б. Смағұлов.