Биыл Астанада локомотив құрастыру зауыты іске қосылады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астана қаласында салынып жатқан локомотив құрастыру зауыты биыл үшінші тоқсанда іске қосылады.
None
None
Бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның отандық өндірісшілерден тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары туралы алматылық кәсіпкерлермен өткізген алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті Ерік Сұлтановтың айтуынша, өндіріс орны жылына 100 локомотив шығара алады. Ол бұрынғы кеңестік республикалардың ішіндегі ең озық үлгідегі көлік болмақ. «Қазақстан темір жолы» АҚ қазіргі таңда тағы бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. «Оның біріншісі, Атбасар қаласындағы электровоз өндірісі. 2011 жылы іске қосылатын бұл жоба бойынша жыл сайын 50 электровоз шығарылмақ. Екіншісі, Алматыдағы вагон жөндеу зауытының базасында жолаушылар вагонын шығару. 2010 жылы іске қосылатын бұл жоба бойынша онда жыл сайын 100 вагон құрастырылмақ. Үшіншісі, Екібастұздағы жылына 2,5 мың вагон шығарын өндіріс орны. Онда алғашқы өнімдер 2010 жылы шығарылады деп жоспарланып отыр», дейді Ерік Хамзаұлы. Оның сөзіне қарағанда, биыл Петропавлда жасалады деп күтіліп отырған 400 жүк вагоны компанияның қажеттілігі үшін түгелдей сатып алынады. Жалпы жолаушылар мен жүк вагондарын сатып алуға биыл 39 миллиард теңге бөлінген. Бұл қызмет пен тауар түрлерін сатып алу үшін биылғы жылға жоспарланған қаражаттың 13 пайызын құрайды.
Соңғы жаңалықтар