Биыл балаларға арналған 1 691 нысан ашылды – вице-министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында биыл елімізде 1 691 нысан ашылды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар инфрақұрылымын жақсарту, аула алаңдарын дамыту және жаңа заманауи нысандар салу, олардың әл-ауқатын арттыру бағытында биыл елімізде 1 691 нысан ашылды. Оның ішінде 38,9 мың орынға 458 мектепке дейінгі ұйым ашылса, жыл басынан бері 153 мың оқушы орнына арналған 254 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2025 жылдары мектепке дейінгі ұйымдарда 222 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланса, 2023 жылы 81 мың орындық мектеп ашу қарастырылған», - деп мәлім етті Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, келер жылдан бастап заманауи 100 оқушылар сарайы, музыка және өнер мектептері, оқушылар үйлері мен қала сыртындағы 50 жаңа сауықтыру лагерлерінің құрылысы басталады.


Соңғы жаңалықтар