Биыл билік өкілін қорлаудың 44 фактісі тіркелді - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, жыл басынан бері билік өкілін қорлаудың 44 фактісі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл басынан бері осындай 19 факт, сондай-ақ билік өкілін қорлаудың 44 фактісі тіркелді», - деді ведомсвтоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингіде.
Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің тарапынан боспсалауға тап болған азаматтар кімге жүгінуі керектігін айтты.
«Сіздерді заңдарға бағынуға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз. Бопсалау жағдайында ІІМ-нің жеке қауіпсіздік қызметіне не «1402» сенім телефонына дереу хабарлау қажет», - деді ол.