Биыл бір тұрғынға арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі 18 мың 391 теңгеге жетті
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне арналған шығындардың жалпы сомасы - 286,3 млрд. теңге болды. Бір тұрғынға көмек көрсетуге арналған шығын деңгейі 18 мың 391 теңгені құрады. 2007 жылы бұл көрсеткіш 12 мың 700 теңгені құраған болатын», деді бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік-экономикалық саясатының жүзеге асырылу мәселелеріне арналған брифингте партияның Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Әбдішев.
Б. Әбдішев 2009 жылы медицина саласына шығындар 2 еседен астамға ұлғайғанын атап көрсетті. «2009 жылы денсаулық сақтау саласына 557,4 млрд. теңге қарастырылды. Оның 185,8 млрд. теңгесі республикалық бюджеттің қаржысы. 2007 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау саласына қарастырылған қаражат 53,3 пайызға ұлғайды», деді ол.