Биыл бизнес үшін барша рұқсатнамалық құжаттардың бірыңғай тізімі енгізіледі - вице-министр

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл бизнес үшін барша рұқсатнамалық құжаттардың бірыңғай тізімі енгізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, биыл бизнес үшін барша рұқсатнамалық құжаттардың бірыңғай тізімі енгізіледі және олар барынша оңтайландырылады. Сонымен қатар типтік рұқсатнамалық процедуралар бекітіледі.

«Атап айтқанда, тиісті заң жобасы енгізілетін болады. Ол қазіргі кезде ведомствоаралық комиссия аясында белсенді түрде қарастырылуда», - деді вице-министр.

Оның пайымдауынша, бұл заңды құжат рұқсатнамалардың көлемін реттеудің тікелей тетігі болмақ және ол аталған рұқсаттардың өсімін тежеуге ықпал етеді.

«Сонымен қатар, осы жұмыстың аясында 2 жылдың ішінде барлық рұқсатнамаларды беру шаралары автоматтандырылады», - деп түйді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар