Биыл Чапаев-Қазталов күре жолын күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд. астам теңге бөлініп отыр

ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл БҚО-дағы Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жол бөлігін күрделі жөндеуге 1 млрд. 204 млн. теңге бөлініп отыр.
None
None

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті БҚО департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Ғайсиннің айтуынша, аталмыш жолдың республикалық маңызы болғанымен, онымен халықаралық қарым-қатынастағыдай, көлік ағылып жатпайды. Бірақ оңтүстік аудандарға ауа райының қолайсыз кездерінде бұл жолмен жету және қиын. Сондықтан оны реттемеуге болмайды. Өткен жылы осы жолдың 17-37 шақырым аралығындағы бөлігі жөнделді. Содан кейін 37-57 шақырым аралығын жөндеуге тендер жарияланды. Бас мердігер «Оралжолқұрылысы» АҚ биыл осы жол бөлігін бітіруі тиіс. Сонымен бірге 57-97 шақырым аралығын жөндеу жобасы жасалады. Министрлік оған тендерді алдағы жазда жариялайды делініп отыр. Барлық жол ұзындығы 200 шақырымнан асатынын ескерсек, оның бәрін күрделі жөндеуге әлі біршама уақыт керек. Дегенмен алғашқы 20 шақырым 3,5 жылда жөнделіп бітсе, келесісі 1,5 жылда аяқталды. Демек, алға басу бар.

Биыл сондай-ақ Самара-Шымкент күрежолының 261-298 шақырымы аралығында да жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұған жергілікті «Техқұрылыс» және «Uniserv» ЖШС мердігер болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар