Биыл «Даму» қоры 500 кәсіпкерге бизнестің қыр-сырын үйретпек

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана мен Алматы қалаларында «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңіне қатысушыларға бизнес-тренингті бастады.
None
None

Аталған қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шамамен 100-ге жуық басшысы қатысуда. Бизнес-тренингті отандық білікті мамандар мен шетелдік бизнес жаттықтырушылары өткізуде. Олар бизнес жүргізудің заманауи әдістерін, бизнес жоспар түзудің қыр-сырларын, шет елден іскер әріптестер іздеу мүмкіншіліктерін, шетелдік кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнату тәсілдерін үйретуде.

«Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар шетелдік кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнату үшін Германия мен АҚШ-та тағлымдамадан өтуге кандидаттарды іріктеу байқауына қатыса алады», - делінген хабарламада.

Қатысушылар үшін бизнес-тренинг пен шет елде тағлымдамадан өту тегін, яғни барлық шығындар республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Іскерлік байланыс» жобасы 2011 жылы басталып, оның аясында 501 адам бизнес-тренингтен өткен болатын. Олардың шамамен 60-сы Германиядан тағлымдамадан өтті. Ал ағымдағы жылы кемінде 500 кәсіпкерді оқыту көзделуде.

Соңғы жаңалықтар