12:59, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Биыл дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауға қосымша 1 мың грант бөлінді - Б.Жұмағұлов
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Осы жылы дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауға қосымша 1 мың грант бөлінді.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда республиканың орта мектептерінде 20 мыңнан астам дене тәрбиесі педагогтері жұмыс істейді.
«Соңғы жылдары ЖОО-лар білім беру жүйелері үшін 7 мыңнан астам дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындады». - деді министр.