Биыл елімізде шамамен 30 млн. тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астық алқаптарының 72 пайызында ылғал сақтаушы технология қолданылады,
None
None

деді бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Нарықтық жағдайдың тиімділігін бірінші кезекте астық өндірушілер сезінген. Осы орайда аталған салада арнайы заң қабылданып, астық қолхаты институты енгізілгенін атап өткен министр: «Қазірде ылғал сақтаушы технология астық алқаптарының 72 пайызында қолданылады. Алқаптардың жартысындағы жиын-терін жоғары өнімді себу және жинау кешендерімен жүзеге асырылды», - деді.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылғы астықтың жалпы жиынтығы шамамен 30 млн. тоннаны құрап, гектарына 18,5 цетнерден өнім алынған.

«1 гектардағы астықтың өнімділігі тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ғана емес, сонымен қатар, қазақ жеріндегі астық өсімі тариыхындағы рекордтық көрсеткіш», - деді ол.

А.Мамытбековтың алға тартқан деректеріне қарағанда, астық түсімі Солтүстік Қазақстан облысында жоғары болды. Аталған өңірде 1 гектардан орташа астық түсімі 22,7 цетнерді құрап, шамамен 9 млн. тонна астық бастырылды.

Соңғы жаңалықтар