Биыл елімізде жезөкшелікпен айналысуға тарту бабымен 148 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елімізде жезөкшелікпен айналысуға тарту бабымен 148 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Үкімет-қоғам

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың ішінде елімізде адам саудасына қатысты 14, кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалаудың 32, жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 2 және жезөкшелікке салу бойынша 148 қылмыстық іс қозғалған.

«Мәселен, өткен жылы біз құрамында 6 адам бар қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойдық. Олар ұзақ жылдар бойы Алматы қаласында қыздарды жезөкшелікке тартумен, жезөкшелер үйін ұйымдастырумен және жеңкетайлықпен айналысып келген. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралуда», - деді министр.