Биыл елорданың бірнеше көшесіндегі ескі үйлер сүріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімдігі Кірпішті, Күлтегін, Асан қайғы көшелеріндегі ескі үйлерді сүріп тастауға 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде Малахов көшесінің көлік өткізу қабілетін көтеру туралы мәселе көтерілді.

Тұрғынның айтуынша, бұл көше теміржол өткелімен қиылысып жатқандықтан өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем көліктерінің өтуін қиындатқан.

«Бұл ауданда бұзуға жататын үйлер өте көп. Бүгін таңертең сағат 9.00-де Кірпішті, Күлтегні, Асан қайғы көшелерінде болдық. Бұл учаскеде биыл сүріп тастау жұмыстары белсенді жүреді. Биыл мүмкін болғанынша бәрін аяқтауға тырысамыз. Сондықтан осы учаскелердегі жұмыстыр бітірмей сіз айтып отырған шағын айналма көпірге кіре алмаймыз. Әріптесім де қазір айтты. Ескі үйлерді сүріп тастауға 20 млрд теңгеден астам қаражат керек. Яғни үлкен ақша қажет екенін түсіну керек. Жоба бұған дейін қолға алынған. Біз соны аяқтаған соң барып көпір мәселесіне кірісеміз», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар