Биыл есірткі жарнамалайтын 69 сайт бұғатталды
«2022 жылы «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы 1 996 есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылып, оның 1 493 бұғатталды. Осы жылдың басынан бастап 179 интернет парақшалары мен сайттар шектеуге жіберіліп, 69 бұғатталды. Ақпараттық технология озған заманда көштен қалуға әсте болмайды. Сондықтан, полиция өз жұмысына ІТ-технологияларды жаппай енгізуде», - деді Данияр Оралов министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде
Оның атап өтуінше «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, аумақтық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларында заңсыз контентті анықтау үшін кең жолақты интернетке қосылған заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендері енгізіліп жатыр.