Биыл игерілмей қалған қаражаттың көлемі үш есе өсіп отыр - депутат Ж.Ахметбеков

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі жұмысын игерілмей қалған қаржыға қарап, бағалауға болады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков осылай айтты.
None
None

Депутат атап көрсеткендей, өткен жылы игерілмей қалған қаржының көлемі 50 млрд. теңге шамасында болған. «Биыл ол көрсеткіш үш есе өсіп, 150 млрд. теңгеге жеткен. Сонда бұл жетістік пе? Жоқ, әлде, Үкіметтің кемшін тұсы ма?», - дейді Ж.Ахметбеков. Халық қалаулысының айтуынша, биыл бюджеттік бағдарламалардың орынсыз қымбаттап кетуі байқалады. Оны «халықтың ақшасын талан-таражға салу», - деп атауға болады. Осыған орай, коммунистер Үкіметтің атына талай рет хат та жолдаған. Бірақ жауап болған жоқ. «Енді, Елбасының сынынан кейін біздің сұрауларымызға жауап болады деп сенеміз», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар