11:35, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Биыл инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаржы толық игеріледі - Ә.Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаржы толық игеріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Инфрақұрылымдық жобалар бойынша биыл проблемаларды көріп тұрғаным жоқ. Басты мақсат - біздің операторлар құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтауы керек, яғни бұлар - ҚТЖ мен «ҚазАвтоЖол» және индустриалдық аймақтар бойынша «Самұрық-Қазына», - деді министр.
Ә. Исекешев ведомство ақпараты бойынша қазіргі кезде тиісті мониторинг жүргізіліп жатқандығын айта келе, жыл соңына дейін қаржы толық көлемде игерілетінін атап өтті.