Биыл қант қызылшасының егісі қысқарады ? Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Биыл Жамбыл облысында жаздық арпаны 115 мың гектарға, майлы дақылдарды – 25 мың гектардан астам алқапқа, картопты – 5630, дәндік жүгеріні – 13,5 мың, көкөніс және бақша дақылдарын – 25 мың гектарға егу жоспарлануда.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несиеге 4-5 мың тонна жаздық арпа тұқымы жеткізіледі. Биыл қант қызылшасының егіс көлемі 4,5 мың гектарға дейін қысқармақ. 2008 жылы алты мың гектарға жуық алқапқа егілген еді, бірақ өнімі ойдағыдай болмады. Бұл жолы қант қызылшасы тұқымына қажеттілік 9 тоннаға жуық болмақ. Оның тұқымын Украинадан сатып алу жоспарлануда. Облыста көктемге далалық жұмыстарға 10 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланып отыр. Аудандар әкімдіктері дизель отынын сатып алатын және жеткізетін операторларды белгіледі. Бүгінде шаруа қожалықтарында қолда бар жеті мыңнан астам трактордың 5621-і әзірлік алаңына қойылды. 1597 сабанның 1305-і, 1229 тұқым сепкіштің 1100-і, 6457 тырманың 6073-і әзір болды.
Соңғы жаңалықтар