Биыл Қазақстан 3 ғарыштық аппаратын ұшырмақ - Т.Мұсабаев
«Биыл Қазақстан 3 ғарыштық аппарат: «KazSat-3» байланыс аппараты мен 2 жерді қашықтан зондтау аппаратын ұшырмақ. Аталған аппараттарды Қазақстанның тапсырысы бойынша француздық Defence and Space компаниясы жасап шығарған. Жерді қашықтан зондтау аппараттары Францияның «Куру» ғарыш айлағынан ұшырылады»,- деп мәлімдеді Т. Мұсабаев.
Оның айтуынша, жерді бақылау аппараты кеңістікті барлауда мүмкіндігі өте жоғары спутник болып табылады. Ол табиғи және ауылшаруашылық ресурстарын бақылауға әрі картографиялық деректерді жинауға арналған.
«Қазіргі таңда дамушы мемлекет ғарыштық технологияларға ие болуы шарт. Телеарналар мен ұялы байланыс, кең жолақты интернет, навигация барлығы спутниктер арқылы жұмыс істейді. Бізде ғарыш саласының даму қарқыны өте жоғары», - деп қорытындылады Т.Мұсабаев.