Биыл Қазақстан азаматтарының Германияға сапарлауға 50 мыңнан астам өтінім өңделді - ГФР Елшісі

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтарының Германияға көптеп сапарлауын барынша қалаймыз. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Германияның Қазақстандағы Елшісі Гидо Херц мәлім етті.
None
None
«Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы стратегиялық маңызды әріптестердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, немістер мен Қазақстан халқы арасындағы жекелей байланыстарды біздің екіжақты қарым-қатынастарда жете бағалау керек. Сондықтан да екі елдің арасында азаматтардың белсенді сапар жасауы мені ерекше қуантады», -дейді Елші. Осы орайда ол биыл Астанадағы Германияның елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдықта виза ашуға 50 мыңнан астам өңделген өтінім Қазақстаннан Германияға сапарлаудың үлкен қызығушылығын көрсетіп отырғандығын жеткізді. «Бұл сапарлар екі ел үшін де маңызды. Біз Қазақстан азаматтарының Германияға көптеп сапарлауын барынша қалаймыз», - деп түйді Гидо Херц.
Соңғы жаңалықтар