19:05, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Биыл Қазақстанда 1700 полиция қызметкері жазаланды - Қ. Қасымов
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда тәртіптік түрде 1700-ден астам полиция қызметкері жазаланды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

Көліктік тәртіпті күшейту - полиция жауапкершілігінің аймағы екеніне тоқталған министр, бұл бағыттағы жұмыстар аяғына дейін жеткізілмей, тиісті деңгейде атқарылмай жатқандығын сөз етті.
«Сондықтан да соңғы уақытта біз қызметкерлерді кәсіби даярлау мен олардың жұмысына түзетулер енгіздік. Олардың қызметті атқару барысына күн сайынғы қадағалауды күшейттік», - деді ол.
«Соңғы аттестация барысында 300 жол полициясы қызметкерлері жұмыстан босатылды, 600-ден астамы басқа қызметтерге ауыстырылды, 166 адам қызметінен төмендетілді. Биылғы жылы түрлі бұзушылықтар үшін тәртіптік түрде 1700-ден астам полиция қызметкері жазаланды», - деп атап өтті ведомство басшысы.