Биыл Қазақстанда цемент өндірісі 5 пайызға артады - А.Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Республикасындағы цемент өндірісінің көлемі 5 пайызға артады. Бұл туралы бүгін ҚР ұлттық өнеркәсібін дамыту жөніндегі семинар-кеңес барысында Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
None
None

«Бізде Қарағандыда өндірілетін цемент Ақтөбеге дейін жете алмайды, себебі, тарифтер жоғары, сондықтан, батыстан Ресейдің миллион тонна цементі тасымалданады. Ресейдің ұлттық валютасы рубль құлаған соң, орыс цементі Шымкентке дейін оп-оңай тасымалданып, біздің отандық өндірушіге мықты бәсекелес пайда болған», - дей келе вице-министр «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бұл олқылықтың орны толғанын атап өтті.

«Бірақ өзара түсіністік пен «Нұрлы жол» бағларламасының аясында жолшылар 500 мың тонна цементті қосымша алып, жыл соңына дейін цемент өндірісін 105 пайызға жеткіземіз. Ал, бір жыл ішіндегі осындай 5 пайыздық өсім - цемент өндірісі үшін өте жақсы нәтиже», - деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстан Республикасында 500 тонна отандық арматура өнімі пайдаланылған. Биыл Қазақстанда 800 мың тонна осындай отандық өнім пайдаға асады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар