Биыл Қазақстанда жетім балаларға 509 пәтер бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы жетім балаларға 509 пәтер бөлу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кекзекті 14-отырысы кезінде айтты.
None
None

«Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жоспарланған 509 пәтердің 359-ы (70,5%) жетім балаларға берілді. Ең көп пәтер Оңтүстік Қазақстан (109), Ақмола (96), Жамбыл (69), Батыс Қазақстан (40), Солтүстік Қазақстан (18), Қызылорда (17), Қостанай (10) облыстарында тапсырылған», - деп атап өтті Е.Иманғалиев.

Оның айтуынша, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің балалар үйінен түлеп шыққан жастарды «Жұмыспен қамту - 2020» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары арқылы баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету тәжірибелері назар аударарлық.

«Қазіргі кезде аталған бағдарламаға 588 жетім бала қатысуда. Дәлірек айтсақ, Қостанай (58), Павлодар (55) және Оңтүстік Қазақстан (85) және басқа да облыстардан шыққан жетім балалар басқа жерге ауысуға субсидия алып, жұмыспен және баспанамен қамтылды», - деді Е. Иманғалиев.

Соңғы жаңалықтар