Биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі көші-қон жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың айтуынша, биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген.

Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген – 2 миллион 900 мың ресейлік ел аумағына кірген. Екінші орында – Өзбекстан (2 миллион 300 мың адам) тұр. Сондай-ақ елге Қырғызстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан астам адам және Түркиядан 90 мыңға жуық адам келген.

ІІМ мәліметінше, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік жүр. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.


Соңғы жаңалықтар