Биыл Қазақстанға қанша еңбек мигранты келетіндігі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елімізге шамамен 600 мың еңбек мигранты келмек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек мигранттарын заңдастыру процесін 2014 жылы бастаған едік. Содан бері еңбек мигранттарыныңсаны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы Қазақстанға 551 мың еңбек мигранты келген болатын. Мемлекеттік бюджетке 6 млрд теңгеден астам салық түсті. Ал биыл елімізге нәпақы табу үшін шамамен 600 мың еңбек мигрант келеді деп күтіп отырмыз», - деді ол БАҚ өкілдеріне елордадағы Көші-қон қызметтерін көрсету орталығының жұмысын таныстыру барысында.

Оның дерегінше, еңбек мигранттары негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінен келеді. Ал ЕАЭО-ға мүше елдердің өкілдері еңбек патентінен босатылған. Олар жұмыс берушілермен еңбек келісімшарты бойынша тікелей жұмыс жасай береді және барлық мемлекеттік салықтардан босатылған.

«Қысқы уақытта Көші-қон қызметтері орталығы күніне 30-50, көктем-жаз айларында 100-200 иммигрантқа қызмет көрсетеді. Бұл ретте еңбек иммигранттары жауапкершілікке тартылмайды. Еңбек иммигранттары жеке тұлғаларда жұмыс істейді. Олардың заңды тұлғада жұмыс істеуге құқы жоқ. Заңды тұлғаларда, яғни кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбек мигранттары әкімдіктерде рәсімделеді. Министрлік (ҚР Ішкі істер министрлігі - авт.) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін заң жобасы аясында алыс шетелдерден келетін мигранттарды заңдастыру жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр», - деді Мұрат Қабденов.

Соңғы жаңалықтар