Биыл Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4 пайыздан асады

«Әлемдік нарықтардағы «бұлыңғыр» болжамдарға қарамастан ағымдағы жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнім өсімі 4 пайыздан асатындығына сенімдіміз»,- деп атап өтті ол.
Сонымен қатар басқарма төрағасы Қазақстанның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуге зор әлеуетке ие болып отырғанын баса айтты.
«Біз мұнай қоры бойынша әлемде 12-ші, көмір қоры бойынша 8-ші орында тұрмыз. Дегенмен, осынау пайдалы қазбалаларды өндіруде көптеген ұстанымдарда төмен қалып отырмыз. Ал бұл біздерге пайдалы қазбаларды өндіру және оларды қайта өңдеуде зор әлеуетіміз бар екендігін көрсетеді», - деді Б.Жанғоразов.
Айта кетейiк, бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтуде. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысып жатыр. Түстен кейiн форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысады деп күтiлуде. Форумның қорытындысында бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қойылады.