Биыл Қазалыда «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қазалыда «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қазалыда «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, Сырдария өзенінің үстінен салынып жатқан «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады.

«Көпір құрылысына 2017-2018 жылдарға 1 млрд 565 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жасалды. 2019 жылға көпір құрылысына 1 млрд 127 млн теңге қаржы берілді. Биыл ел болып көптен күткен көпірдің игілігін көреміз деп отырмыз. Ал, «Қарлан» учаскесіне көпір салу облыс әкімінің қолдауымен САРАТС-2 жобасына енгізілді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, көпірдің техникалық экономикалық негіздемесі алынды. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттары әзірленуде», - дейді аудан басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылы Қожабақы-Бекарыстан би аралығындағы «Аяған» көпірін жөндеу жұмыстары басталды. Биыл жұмысты жалғастыруға 76 млн теңге қаржы қаралған.