Биыл көбейтілген төлемдермен 6 миллионға жуық жан қамтылмақ ? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

АСТАНА. Қаңтардың 13-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасының тапсырмасы бойынша, әлеуметтік салаға бөлінген 628 млн. теңге көлеміндегі қаржы толығымен сақталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы айдың бесінен бастап көбейтілген зейнетақы және жәрдемақылар белгіленген кестеге сәйкес төленіп жатыр. Осы мақсатта 58 млрд. теңге бөлінді. «Жаңа төлемдермен 6 миллионға жуық адам қамтылып отыр», - деді Б.Сапарбаев. Сондай-ақ министрдің айтуынша, мемлекеттік жинақтау қорындағы қаржының сақтау кепілділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджетте 1 млрд. 700 млн. және көпбалалы отбасыларға, тұрғын-үй мен атаулы жәрдемақыларға 7 млрд. теңге қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар