Биыл Қостанайда еңбекақы көлемі 23% өсті

«Жыл басынан бері қысқамерзімді экономикалық индикатор 3,4%, орташа айлық еңбекақы 23% өсті. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 38,1%, өңдеу өнеркәсібінің – 21,8%, көліктің – 8,9%, құрылыс жұмыстарының – 6,7%, ауыл шаруашылығын – 4,1%, тұрғын үйді пайдалануға беру мен сауданың 3,5% өсуі қамтамасыз етілді», – деді Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Әкімнің айтуынша, 1,5 жыл бойы Қостанай облысында өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендегені байқалды.
«Қазір жағдайды тұрақтандырып, өндіріс көлемін біртіндеп арттырып келеміз. Осылайша, өнеркәсіп көлемі 2,6 пайызға ұлғайып, 1,1 трлн теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі машина жасау өндірісін 41%-ға, дайын металл бұйымдарын 12,2%-ға, тамақ өнімдерін 17,3%-ға, сусындар өндірісін 13,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Жеңіл және жүк автомобильдерінің, тракторлардың, комбайндардың, кондитерлік өнімдердің, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұн өндірісі ұлғайтылды», – деді Құмар Ақсақалов.
