Биыл құны 9,5 млн доллар болатын синтетикалық есірткі тәркіленді - ІІМ
«Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 1 700-дей қылмыс тіркелді. Оның ішінде сату фактісі – 1 055. Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтау фактісі – 262. Синтетикалық есірткінің тәркіленген жалпы салмағы 333 келідей болады. Жалпы тәркіленген есірткі салмағы 4 тоннадан асады. Оның ішінде 2,2 тоннасы марихуана болса, 300 келіден астамы есірткінің гашиш түрі», - деді Б.Әмірханов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, есірткінің синтетикалық түрлері елімізде 2015 жылдан бастап тарала бастаған.
«Соңғы жылдары есірткінің бұл түрімен барынша күресіп, бірқатар іс-шара қабылдадық. 2017 жылы жылына 6 келідей ғана есірткі тәркіленетін болса, былтыр 140 келі тәркіленді. Тек ішкі істер органдары жыл басталғалы 87 келіні заңсыз айналымнан шығарды. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 2 есе көп», - деді Бақытжан Әмірханов.
Басқарма басшысы көршілес ресейлік әріптестермен бірге өткен жылдың соңынан бастап арнайы операция жүргізгендерін, нәтижесінде осы жылдың сәуірінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын айтты.
«Омбы мен Тараз қалаларында бір күннің ішінде ұйымдастырылған арнайы операция барысында 260 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы, іс-шара Алтай, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда сынды 7 қалада бір мезетте өтті. Нәтижесінде 13 адам ұсталды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1 грамны ң өзі қылмыстық жауапкершілікке тартуға себеп болады. Ал 260 келі есірткінің нарықтағы құны 9,5 млн АҚШ долларын құрайды. О ны бірреттік дозаға шақсақ миллионнан асады», - деді ол.