Биыл Қызылорда облысында 40 ауылдың әкімі сайланады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 40 ауылдық округте тұрғындары ауыл әкімін өздері сайлауға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұсынылған кандидаттардың орта жасы - шамамен 40 жас. Ең жас кандидат - 28 жаста болса, ең үлкені - 58 жаста.

Үміткерлер арасында мұғалімдер - 14, заңгер - 10, экономиқа-қаржы маманы - 7 , инженер-технолог - 3, ІТ-технология маманы - 2 адам болса, ветеринар , жергілікті өзін-өзі басқару, журналист, саясаттанушы, статист бір-бірден құрайды.

2 шілдедегі жағдай бойынша 41 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен үміткер ретінде тіркелді. Оның ішінде Аралда - 17, Қазалыда - 3. Қармақшыда - 3, Жалағашта - 4, Сырдарияда - 5, Шиеліде - 5, Жаңақорғанда - 4 кандидат ұсынылған.

Сайлау карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Қазіргі таңда өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ы мемлекеттік қызмет заңнамасымен қойылған біліктілік талаптарға сәйкестігі анықталды.

«Кандидаттардың 2-і әйел болса, қалған 39-ы ер адам. Ең жас кандидат 28 жаста. Саяси партиялардан кандидаттар әзірге ұсынылған жоқ», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.


Соңғы жаңалықтар