Биыл Қызылорда облысында мемқызметшілер саны 330 адамға қысқарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Биыл Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшілер саны өткен жылмен салыстырғанда 330 адамға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 345 адамды құрайды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 330 адамға кем.

Былтыр әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысында 61 мәселе қаралған. Аталған мәселенің 19-ы тәртіптік іс болса, 42-і мемлекеттік орган басшылары мен профилактикалық бағытта болып отыр.

«Былтыр мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуы бойынша 25 тексеріс жүргізіліп, 665 заң бұзушылық анықталды. Бұл бойынша тиісті құқықтық шаралар қаралды. Ал әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 1 облыстық департамент басшысының орынбасары, 6 кент, ауылдық округ әкімдері, 2 аудандық дербес бөлім басшысы, 1 өзге де лауазымды адам бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізілді. Оған Қызылорда облысынан 435 азамат қатысты», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы іске асырылды. Жобаның басты мақсаты – жиі құқық бұзушылық орын алатын салалар бойынша құзырлы мемлекеттік органдардың тізімі жасақталып, онлайн форматта 9 рет құқықтық оқыту өткізілді.


Соңғы жаңалықтар