Биыл Қызылордада апаттық мектептер мәселесі толықтай шешіледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы жылдарда Сыр өңірінде апаттық мектептер мәселесін шешу бағытында нақты істер атқарылып жатыр. Осының нәтижесінде бес жылдан астам уақыттан бері олардың орнына 37 жаңа мектеп бой көтерді.

«Бүгінгі күні мұндай білім ошақтары Жаңақорған және Жалағаш аудандарында кездесіп отыр. Апаттық жағдайдағы аталмыш мектептер орнына жаңасы салынады», - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгінгі халық алдында есеп беру шарасында.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектептер мүлдем жоқ. Бұл проблема түбегейлі шешімін тапқан.

Бұдан бұрын Қызылордада заманауи ет комбинаты салынатыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар