Биыл мектеп ғимаратын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейді - министрлік
«Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.
Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс-шараның жоғары идеялық-құндылық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді», -деп жазылған мәліметте.
Сондай-ақ салтанатты жиын өткізу кезінде бірқатар мерекелік рәсім өткізуге рұқсат етілмейтіні айтылған.
«Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды. Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға; мерекелік дастархандар жаюға; мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік БАҚ-та тараған кейбір мәліметтер туралы да түсініктеме берді.
«Балаларға экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны ластамау, табиғат пен жануарларға қамқор болу мақсатында салтанатты жиын кезінде шарлар мен көгершіндерді пайдалану ұсынылмайды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Бұған дейін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2023 жылғы оқу жылында білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібін белгілейтін әдістемелік-нұсқау хаттың мәтінін жариялаған болатын. Аталған құжатта мектепішіндегісалтанатты жиындарға шар менкөрершін ұшыру сияқты атрибутикаларды қолданбау ұсынылған.