21:50, 21 Тамыз 2023 | GMT +5
Биыл мектепке барған балалардың 70 пайызы қазақ сыныбын таңдаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі биыл мектепке барған балалардың 70 пайызы қазақ сыныбын таңдағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзекті» YouTube-жобасына берген сұхбатында министр өзге салаларда да қазақ тіліне сұраныстың артқанын жеткізген.
«Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған. Тек білім саласында емес, кез келген салада қазақ тіліне сұраныстың күрт өскенін көріп отырмыз. Жалпы, қазақ тілі қазір еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында трендке айналды. Бүгінде орташа есеппен ақпарат саласы аудиториясының 85 пайызы мемлекеттік тілдегі өнімді тұтынып отыр. Ал 14-35 жас арасындағы жастар интернет кеңістікте 70 пайыздан астам контентті қазақ тілінде іздеген», - дейді сала басшысы.
Айта кетейік, бүгін Дархан Қыдырәлі Телеграмм желісінен арна ашқанын жазған болатынбыз.