Биыл ОҚО-да ҰБТ-ны 37 мыңнан астам түлектің 21 133-і тапсырады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласындағы №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатындағы «Қош бол, алтын ұя мектебім!» салтанатты шарасына қатысты.
None
None

Аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, 2012-2013 оқу жылында облыстағы 1019 мектепте 534 195 оқушы білім алды. Оның ішінде 793 орта мектептің 11-сыныбын 37 148 оқушы бітіргелі отыр. Осы түлектердің 21 133-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіруде. Ал, бітірушілердің 16 015-і дәстүрлі емтихан тапсырады.

1140 оқушы «Алтын белгіге», 694 түлек үздік аттестатқа үміткер. 2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың сәуір айы аралықтарында сынақ тесттері алынып, оның соңғы орташа көрсеткіші 77,2 балл (дарынды балаларға арнаған мектептерді қоса алғанда) болып, өткен жылғыдан +10,3 баллға жоғары болған.

Соңғы жаңалықтар